«Көрпемізге
қарай көсілейік». Бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнаған Президент
Нұрсұлтан Назарбаев бай-манаптардан бастап мемлекеттік қызметкерлерге дейін тегіс үнемдеуге шақырды. Қара алтын
құны 20-30 долларға дейін құлдырауы мүмкін дей келе, мұнайсыз күн кешкен
кездерді еске салды. Дегенмен, қаржылық қиындықтарға қарамастан, келесі жылы
қазақстандықтарды жалақы мен жәрдемақы өсімі күтіп тұр. Мөлдір Бақыт-Қызы
тарқатады.
1
сағат 42 минутқа созылған жолдауда Президент жайлы жылдары жағдайларын жасап
алған отандық олигархтарға бірнеше рет айналып соқты. Ағыл-тегіл мұнайдың
арқасында болып толған бай-бағландарды «тыққан» ақшаларын енді елдің игілігіне
жұмсауға шақырды. Тіпті шет елдіктермен
салыстыра отырып, «байлық мәдениеті»
жайында кішігірім дәріс оқыды десек те
болады. Сондай-ақ, қаржы-экономика саласында болатын біраз реформаларға
тоқталды, келесі жылы кімнің жалақысы қаншаға өсетіні және айтылды.
Жылдың
ең маңызды оқиғасына, яғни Президент Жолдауын тыңдауға жиналған ақ жағалылардың
көңілі көтеріңкі. Жолдау кезінде Президент ә дегеннен-ақ Үкімет мүшелерінен
бұрын бизнес бомондқа көбірек шүйлікті. Мүлікті заңдастыру тағы бір жылға
ұзартылмақ. Бұл қалталылар үшін, елдің разылығын алатын нағыз мүмкіндік деді,
Назарбаев.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жақсы
газеттердің бетіне шығып, миллиардер, миллионер болғандарыңызды көрсеттіңіздер,
құтты болсын, бақытты болыңыздар! Ал енді мемлекеттің, елдің алдында жауап
беретін кез жетті. Жекешелендірудің жаңа легіне белсенді қатысыңдар
ақшаларыңмен. Қазір, мінекей, алып келіп зауыттар, фабрикаларды жеке меншікке алсаңдар,
ауқатты болуға, тұрақты табыс әкелудің жолы, бірнішіден, өздеріңе. Екіншіден,
сол арқылы халыққа жұмыс беру, салық төлеп, мемлекетке көмектесу - үш нәрсе
жасайсыңдар. Тек халықтың рақметі мен алғысын аласыңдар.
Қазынаның
бір бүйірі ойсырай опырылып қалған. Өйткені салықтан түсетін қаржы бақандай 20
пайызға азайды. Қосымша құн салығы 25, корпоративті салық 13 пайызға кеміген.
Осыны айтқан Елбасы Ұлттық қордың ақшасын оңды-солды шашуға тиым салды. Үкімет
күні кеше зейнетақы қорындағы қаражатқа көз тіккен-тін. Бүгін Президент бұл
сұраққа нүкте қойды. Екі жыл бұрын бір қолға шоғырланған зейнетақы қорындағы
қаражат енді қайтадан жеке не шет елдік компаниялардың басқаруына беріледі.
«Мол қаражатты табысты айналдыру тәсілін өзгеру қажет, бұл істен Ұлттық банк
шеттетіледі», - деді Президент. Тың тапсырманы бас банкир қойын дәптеріне
түртіп алды.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Тратить
пенсионные накопления для того, чтобы кредитовать бизнес, надо прекратить. Эти
деньги могут быть использованы только для восполнения дефицита бюджета страны.
Бюджет
тапшылығын жоюдың тағы бір тәсілі -
«көрпеге қарай көсілу» қағидасы. Осы ретте Үкіметке бюджет шығындарын қайта
есептеу жүктелді.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Человек
приходит в магазин, смотрит на товары на витринах, щупает и все время думает,
сколько у него в кармане есть денег в кошельке. Так ведь? И не схватится за
товары, на которые у него денег нет. Ну, почему государство не так должно
относиться? По средствам жить надо.
Ақшаның
бетіне қарамай шашуға біздегі ауқаттылар әбден дағдыланып алған. Осыны орынды
сынаған Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың байларының өркениетті қоғамға мүлде жат
қылықтарын да түйрей кетті.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Миллиардер, анау мынау дегендер, біздікі сияқты бүйтпейді. Машинаның ең үлкені, киімнің ең
жарқырағыны, әйелдері мойындарына мынадай-мынадай тастар. Ешкім оны дүниеде
жасамайды. Швейцарияда магазин бар, байлар барып жай киім сатып алатын, елдің
көзіне түспес үшін, қызғандырмас үшін, наразы қылмас үшін, Ал бізде қалай, үй
салса - 4 этаж. Анау күні Алматыда айтып жүр, соларды бала-бақшаға беріңдер
деп. Сатайын десе, ешкім алмайды оны. Танк сияқты машина шығарса, шіркін,
қазақтың жігіттері соны алушы еді.
Президент
келер жылы білім беру және денсаулық саласы қызметкерлерінің жалақысын 28-29,
әлеуметтік сала қызметкерлері жалақысын орта есеппен 40 пайызға өсіруге пәрмен
берді. Сондай ақ, әлеуметтік және мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақылар мен
шәкіртақы мөлшері 25 пайызға өседі. Б корпусы қызметкерлерінің табысы 30
пайызға ұлғаяды. Тағы бір жағымды жаңалық, 2017 жылдан бастап елімізде кәсіптік
білім беру тегін болмақ.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Начиная
с 2017 года будет дан старт новому проекту «Бесплатное профессиональное
техническое образование для всех». То есть государство обязуется каждому
человеку дать первичную специальность.
Сөз
соңында Президент кез келген қиындықты мемлекет халықпен бірге еңсеретініне
сенім білдірді.
«Алға
Қазақстан, вперед Казахстан!»
Ал
1 сағат 40 минут ішінде залдағылар жолдауға қолдау білдірудің белгісі ретінде
50 рет қол соғып, қошемет көрсетті.
Мөлдір
БАҚЫТ-ҚЫЗЫ