Русский Сайттың толық нұсқасы

Жолдаудың төңірегінде нақты жұмыс кестесі 7-10 күнде анықталуы мүмкін - Р.Сәрпеков

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2015
  • 1060

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  бүгінгі Жолдауы аясында мемлекеттік органдардың жұмыс кестесі 7-10 күн ішінде белгілі болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпеков мәлімдеді.

Айтуынша, Елбасы Жолдауындағы тапсырмалар "100 нақты қадам" Ұлт жоспары бағдарламасындағы міндеттермен астасып жатыр. Сондықтан 2016 жылы Қазақстанның атқаратын міндеттері осы Жолдау аясында жүргізілмек. Депутаттар Елбасының биылғы жолдауы жоспарда тұрған міндеттер мен жұмыстарға оң серпін береді деген ойда.

Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан»  фракциясының мүшесі:

Бір жеті - он күн ішінде белгілі бір кестелер айқын болып қалар, соған байланысты іс-шаралар айқындалып, 2016 жылдар бастап бүгінгі күнге дейін жоспарлап қойған істерімізге байланысты мына жолдау үлкен бір қарқын беретін кезең болып отыр. 

Николай Логутов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан»  фракциясының мүшесі:

Жолдауда мемлекетіміздің мүмкіндігіне қарай нақты стратегиялар қалыптастыруымыз қажеттігі  айтылды. Жолдау алдыңғы жылдары айтылғандардың жалғасы іспетті. Бүкіл тапсырма, міндеттер мемлекетіміздің өркендеуіне бағытталған.

Берік ХАСЕНОВ