Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәні өзгерген тапсырма

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2015
  • 1796

Алдағы дүйсенбіде Қазақстан Президенті халыққа жолдау жасайды. Дәстүрлі жолдаудың тұңғыш президент күнінен бір күн бұрын қарашаның 30-да жарияланатыны Ақ Орда сайтында хабарланды. Н.Назарбаевтың баспасөз хатшысы «Жолдау Президенттің өзі үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқандай, дағдарыс уақытындағы іс-әрекетке арналады, ал оның әрқайсымыз үшін маңызды екеніне сенемін»,- деген. 

Мемлекет Басшысының сол отырыстағы жоғарғы атқарушы билікке берген бір тапсырмасы инвестициялар тарту етін.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

У меня каждый раз возникает мысль: у нас кто-нибудь один человек координирует вот эти инвестиции? Чтобы инвестор пришел, обратился конкретно к кому-то в правительстве, не бегал по кабинетам и этот человек его ознакомил, открывал двери кому надо?

Осылай деуі мұң екен, жоғары атқарушы билік шетелдерден капитал тартып, инвестклиматты жақсарту үшін арнайы мекеме – ведомство ашылатынын хабарлады. Бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев парламентте «Премьер-министрбарлық мүдделі мемлекеттік органдар алдағы дүйсенбіге дейін мемлекеттік орган немесе агенттік, немесе акционерлік қоғам, әйтеуір бір мекемені ашуға байланысты ұсыныстар әзірлеуі керектігін тапсырды», - деді. 

Таңғаласың. Себебі біріншіден, президент мемлекеттік орган жоқ дегенді айтпаған сияқты. Меңзегені – әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеудің анық алгоритмі жоқтығы. Былайша айтқанда, бар құрылымдардың тиімсіз жұмысын сынап отыр. Екіншіден, инвестициялармен айналысатын тұтас бір министрлік бар. Инвестициялар және даму министрлігі деп аталады. Министр Әсет Исекешев инвестициялық омбудсмэн. Шетелдерден инвестор іздеп, оларды тартумен айналысатын Kaznex Invest агенттігі бар. Барлық аймақта инвесторларға қызмет көрсететін орталықтар және бар. Осы бағыттағы жұмысты саралаудың орнына жаңадан орган құрылса, бәрі түзеліп кете ме? Қосынды өзгермейтінін біле тұра қосылғыштарды ауыстыра берудің қажеті қанша?..

Осы уақытқа дейін мұнай-газ салаларына, шикізат көздеріне тартылған миллиардтаған инвестициялармен мақтанып келдік. Оның өзінде көбейтіп айтып жүр екенбіз. «Форб.кз»-те жарияланған мақалаға назар аударсақ, Ұлттық банк елімізге тартылған тікелей инвестициялар 200 емес, 128 миллиард доллар деген. 72 млрд - геологиялық барлауға, 21 млрд – мұнай-газ, металл рудаларын өндіруге жұмсалған. Өңдеу саласына 11,6 млрд., алайда оның 9,4 млрд – металлургияға, 200 млн – кокс өндірісіне кеткен. Сондықтан шикізат емес салаларға «барған» инвестиция көлемі 2 млрд доллардан аз. Яғни өңдеу өнеркәсібіне қаржы тарта алмағанбыз, тәжірибе жоқ. Ал бізге керек капитал  нақ сол – шикізатқа қатысы жоқ салаларға. Мәселе жаңадан орган құруда емес, мәселе инвестицияларды қалай тарту керектігін білмейтінімізде. 

Теміржан Жалғасбаев, кәсіпкер:

Ал сол келген кісілер қай жаққа барады? Аэропорт. 2 рейс , 3 рейс келді. 200-300 адам тұрып қалды. 1 сағат, 2 сағат. Арамызда шетелден келген инвесторлар да бар, мысалы. Алматы аэропортын алайын, теледидарда мысалы, жарнама- өткізіліп жатқан вакцинациялау. Ең болмаса, Қазақстанның қандай жақсы екенін, қандай мемлекетке келгенін бір сағат күтіп отырғанда соны көрсетсе, соған да ырза болатын едік, мысалы... Тоқ замандарда келген инвесторларды қазіргі қиын заманда күтіп алу, жайғастыру, мағлұмат беру – арнайы бірнәрсе жасаудың да қажеті жоқ. Өйткені шенеуніктердің саны онсыз да аз емес. Осы бар адамдар жанашыр болу керек. Өткенде де сізбен кездескенде сол туралы айтып едік. Әр адам өз ісіне жанашырлықпен қараса, өзгерістер көрінеді. Басты мәселе ниетте.