Русский Сайттың толық нұсқасы

Терроршылардың «қалтасы»...

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2015
  • 1801

Ал терроршылар қаржыны қайдан алады, осы? Жақында Ресей президенті Түркияда G 20-ң САММИТ-і өткенде Сириядағы терроршылардың контрабандалық мұнай мен мұнай өнімдерін олармен күресуші елдердің өздері алады- деп айыптап, бірақ ишара-мен сөйлеген. Бірінші кезекте Түркияны меңзеп. Ал түріктер СУ-24-ті құлатып түсіргесін, тұспалдауды қойды – ашық айыптай бастады. Орыстар тіпті «терроршылармен сауда жоғарғы билік өкілдеріне қатысты» деген-ге дейін барды. Олардың нұсқағандары біздің аудиторияға да белгілі – Түркия президентінің ұлы Біләл Ердоған /екі жыл бұрын оның әкесімен телефон әңгімесі деп тараған жазба естеріңізде шығар, миллиондар туралы.

Үлкен жиырмалық» елдері лаңкестікпен бірлесе күресу, оның ішінде «дақпыртынан» ат үріккен ДАИШ ұйымына қаржынының қайдан келетінін де талқылаған-ды. Әскери интервенцияны айтпағанда, саммитке қатысушы елдер содырлардың бюджеттік қоры қалай еселеніп жатқанын өздігінше атап жатты. Владимир Путиннің сол кездегі  тұспалдап жасаған мәлімдемелері  ешкімді онша елең еткізбеген. Десе де бұл мәлімдемесін Түркиямен болған жанжалдан соң, ашық айтуға мүмкіндік алды. -Нақты дәлелі болмаса да, адуынды саясаткердің мұндай мәлімдемелер жасауына моральдық құқығы бар-, дейді Кремльдің айналасына топтасқан сарапшылар. Сейсенбі күні «ДАИШ содырлары басып алған аймақтағы шикі мұнайдың басты тұтынушысы-Түркия» деді. Түркиядағы «делдалдар» котрабандалық дәліздермен тасымалданатын қара алтын үшін миллиондаған доллар қаржы аударып отыр-, деді Ресей президенті. 

Владимир Путин, РФ Президенті:

О поставках нефти из оккупированных террористами регионов в Турцию Россия знала уже давно. Турция получает крупные объемы нефти с территорий, захваченных запрещенной в России террористической организацией ИГ. Отсюда и большая подпитка финансовая бандформирований.

Ресми Анкара Ресей мемлекет басшысының бұл мәлімдемесіне жауап қатқан жоқ. Бірақ ресейлік пропаганданың құлағын ұстаған сарапшылар мен

бұқаралық ақпарат құралдары ДАИШ-ты Түркияның қаржыландырып отырғанын нақты айғақтайтын материалдарсыз-ақ, бір жақты ақпараттық майданға шықты. Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының сарапшысы Игорь Юшков «Газета.ру» ақпараттық порталына берген сұхбатында мынадай пікірімен бөліседі. 

ГРАФИКА: Игорь Юшков  Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының сарапшысы: Түркия ДАИШ-тен мұнайды тиімді жолмен сатып алатын бірден бір мемлекет деп қарастыруға болады. Түркия Сириядвн шикі мұнайды тым арзан бағамен сатып алып, оны өз нарығында үстеме бағамен сатады деп қарастыруға болады. Сондықтан Түрік мемлекеті үшін ДАИШ-тың құламағаны қолайлы. 

Орыстар онымен қоймай, терроризмді қаржыландыру ісіне  Тайып Ердоғанның ұлының қатысы бар деген ақпарат таратып үлгерді.  Ресей басылымдары бейресми ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, былай дейді: Терроршылардан сатып алынатын шикі мұнайды Түркия нарығына кіргізіп отырған ірі компаниялардың бірі Біләл Ердоғанға тиеселі. Қазір «брент» маркалы мұнайдың бағасы 42 АҚШ доллары десек, делдалдар Сирияда терроршылар өндіретін қара алтынды небәрі 15-20 доллардан сатып алады-мыс.

Меруерт Махмұтова, экономист:

Шахмат федерациясының бастығы Кирсан Илюмжинов өзінің банкі арқылы Сирядағы террорситерге ақша аударған. Сондықтан ол Құрама Штаттардың санкциясына жатқызылған. Жаңалықтардан осындай ақпарат өтті. Егер Түркия президентінің ұлының сондай транзакцияларға қатынасы болса, Құрама штаттар ол есептерді жауып, санкция салар еді. Сондықтан бұл-тек орыстардың пропагандасы ғана.

Ресей мен Түркия арасындағы жанжал өршімей тұрғанда Сирия мен Анадолы шекарасындағы жасырын мұнай саудасы баспасөзде оқтын-оқтын көтерілетін. Бірақ түріктер жағы бұл деректердің бірде-біріне түсініктеме берген емес. Ресейлік мамандар ДАИШ Сириядағы шикізат көздерінің 60 пайызына, ал Иракта 10 пайызына иелік етеді деген мәліметтерді келтіреді. Олар тәулігіне 350 мың баррель мұнай өндіреді.

Арат Нарманбетов, ҰҚК отставкадағы полковнигі:

Мұнаймен жарылқап жатыр, ол жердегі мұнайды сатып алып жатыр деген бос сөз. Түркия НАТО құрамында болғандықтан, ол жердегі арнайы қызметтердің жұмысы өте қатаң. Сондықтан ол жерде шалт қадам жасау мүмкін емес. Ердоған Түркияда астыртын арам жұмыстармен айналысып отыр деп бірден жария болар еді. Ол өркениетті елдер санатында болғандықтан БАҚ еркіндігі де жоғары деңгейде. Егер мұндай фактілер болса, ең бірінші БАҚ шулап қоя берер еді.

Негізі, орыстардың  өз ішінде де Түркия терроршылардың қаржыландырады дегенге күдіктенетіндер бар. Ресей газ-мұнай кәсіпорындары одағының сарапшылар кеңесіне мүше Эльдар Касаев Сириядан шыққан шикізаттың Түркия аумағына өтетініне сенбейді. Маман -астыртын жүк терроршыларды қоршап тұрған әскери альянстың күштік құрылымдарын айналып, Кіші Азия түбегіндегі елдің шекарасынан кедергісіз өтеді деген ақылға қонымсыз, дейді.  

Ал терроризмді қаржыландыру, немесе керісінше сырттан келетін жат пиғылдыларды ақшалай қолдау Қазақстанда бар ма?! Саясаттанушы Расул Жұмалының пікірінше, бұл мәселе бізде өте жабық тақырыптардың бірі. Қоғамда, баспасөзде талқыланатын  қаржылық құйтырқылар көбіне жемқорлық, экономикалық мәселелермен ғана байланысты. Оффшорлық есепшоттарды бақылап, ірі транзакцияларды қадағалайтын  қаржылық мониторниг комитеті құрылғанымен, көлеңкелі экономиканы бақылауға оның қауқары жетпей отыр.

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

Бұл жалпы экономикалық құрылымның немесе қаржылық жүйенің ашықтығына және өркениетілігіне де байланысты. Неғұрлым өркениетті болса, соғұрлым осы қаржылық айналымдарды, қозғалыстарды қадағалау да жеңіл. Неғұрлым банкілік жүйе тұйық, жабық болса, тиісінше оларды  бақылау қиын.

Транзакцияларды  «Қаржы амалдарының арнайы тобы» (FATF) атты  ұйым бақылайды. «Үлкен жетілік» елдерінің бастамасымен құрылған, қаржы жымқыру операцияларын қарастыратын халықаралық мекеме 1989 жылдан бері жұмыс жасайды. FATF сарапшылары ДАИШ-ті ақшаны бірінші кезекке қоятын террорлық ұйым деп таниды. Терроршылар инфрақұрылым мен ұйымдастыру жұмыстарына көп қаржы жұмсайды.

ГРАФИКА: Осы жылдың басындағы кейбір дерек бойынша, ДАИШ-ті құрушылардың «келісім-шарттағы әскерінің» саны 30 мың адамға тақаған, оның 19 мыңын ақшамен арбап, шет мемлекеттерден шақырып алған. Ай сайын 10 млн. АҚШ долларын тек әскердің жалақысына жұмсайды.

Қаржы амалдарының арнайы тобы» (FATF) жүргізген зертеулерге сүйенсек, Сириядағы ланкесшілердің бір жылдық табысы шамамен 1 млрд. АҚШ долларына жеткен. Бұл қаражаттың едәуір бөлігі террорлық ұйымның жаулап алған аумағындағы мұнайды өндіруден және астық сақтау қоймаларындағы өнімдерді саудалаудан түседі. Сондай-ақ АҚШ барлаушыларының дерегінше, жыл сайын шамамен 45 млн. АҚШ доллары тұтқынға түскен адамдарды саудалаудан түсіп тұрады. Ұйымға кіріп кеткендердің кейбірі жеке қалтасынан қаражат құюға да әзір. Көбіне олар өз елдерінде қалған туыстарынан қаржы алып отыруды да оң жолға қойған. 

Меруерт Махмұтова, экономист:

Өзім таң қалдым. Соңғы рет осы ФАТФ-тың отчетын оқығанда, Қазақстан 9-шы орында тұр. Осы терроризмді қаржыландыратын елдердің бірі ретінде. Негізі бізде ұлттық төлем жүйесі мониторингтен өтеді. Бізде ондай төлемдер өте аз. Тек біздің азаматтардың арасында сол сирияда жүргендерге ақша аударған фактілер кездесті. Ол өте аз болса да Қазақстанда дүниежүзі елдерінің арасында 9-шы орынға орналысып отыр.

ДАИШ содырларының қалтасын қалыңдатып отырған тағы бір сала- әлемдік архитектуралық құндылықтар. National Geographic арнасының ақпаратынша, өткен жылы  Сириялық исламистер ЮНЕСКО тізіміндегі тарихи ескеркіштер мен артефактілерді сатудан ондаған миллион доллар пайда тапқан.

Париждегі терактілермен тұспа-тұс келген Анкарадағы «үлкен жиырмалық» жиынында виртуалдық валютамен қаржы аударуға шектеу қою туралы ұсыныс айтылған. Алайда Еуропалық Одақ елдері қаржы саласындағы жоғарғы технологиялық жетістікерді ДАИШ-ке бола жетілдірмеу қате деп жауап қатыпты. Терроршылардың айналымындағы қаражат, қаржы саласындағы  «криптовалюта» яғни виртуалдық валюта  жүйесіне тыйым салатындай мөлшері көп емес деген, «Үлкен жетілік» елдерінің қаржы министрлері бірауыздан.

Графика: Биткоин – әлемде ең алғаш пайда болған виртуалдық валюта.  Ол 2009 жылы айналысқа еніп, әлемнің дамыған елдерінде кең қолданысқа түсе бастаған. Онлайн-кодпен жұмыс жасайтын жүйе банктік қадағалау органдарына бағынбайды. Виртуалдық валютаның ерекшелігі- онымен сауда-саттық жасайтын адамдар тобы туралы ақпараттың құпиялығын сақтайды. Жақында Париждегі ланкестік оқиғалардан соң, еуропалық компьютерлік бұзақылар, яғни хаккерлер осы жүйені ДАИШ пайдаланып отырғанын дәлелдеген.

Ришат Асқарбекұлы, 20:30 Біздің уақыт.