Русский Сайттың толық нұсқасы

БҰҰ жетекші статистері Анар Мешімбаеваны жақтауда

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2014
  • 1643

Біріккен Ұлттар Ұйымының жетекші статистері Анар Мешімбаеваны жақтап, Қазақстан Президентінің атына хат жолдады. Олар "айыпталушы ақ" деп санайды. Бүгін Есіл аудандық сотында экс-шенеуніктің адвокаты шет елден жеткен екі бірдей хатты оқып берді. Ал экс-төрайымның өзі өзінің кінәсіздігін айтып, ант-су ішуге дайын. 


Бүгін "Статистер ісі" бойынша сотқа бірде бір куәгер келмей қалды. Есесіне Мешімбаваның адвокаты екі бірдей талап арыз түсірді. Екеуі де Еуропадағы әріптес-достарынан жеткен. Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен сот орындарына арнап жазылған хатқа Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық комиссиясының статистика жөніндегі кеңесшісі Петер Байладан бастап ондаған беделді маман қол қойыпты.


Ботагөз Бейсембава, А.Мешімбаеваның адвокаты:


Бұл қолдау хатты әділ шешім болады деген үмітпен жолдап отырмыз. Біз доктор Мешімбаеваны босатуды сұраймыз. Оған кез келген Қазақстан азаматы секілді өз кінәсіздігін дәлелдеуге мүмкіндік берілсе. Содан соң оған өзі қалаған жерде, елде еңбек етуге ерік берілсе дейміз.


Бұдан бөлек тағы бір хат оқылды. Ол да шет елдіктерден. Мешімбаваны қолдағандар қатарында ресейлік, ағылшындық, тіпті америкалық белсенділер бар. Ұзын саны 74 адам. Еріктілер айыпталушыны жеке танитындарын баяндап, жанашырлық танытқан.


Ботагөз Бейсембава, А.Мешімбаеваның адвокаты:


Госпожа Мешимбаева одна воспитывает дочь. С момента ее ареста февраля этого года они разлучены. За все это время не было предоставлено свиданий, хотя бы возможности поговорить по телефону.


Айтпақшы, өткен жылы қыркүйекте кісенделіп елге жеткізілген экс-шенеунік жеті ай бойы көші-қон заңын бұзғаны үшін Мәскеу түрмесінде отырып келіпті. "Санақ-парақшалары бағасын төмендету, салықтан жалтару секілді әрекеттерге мүлдем қатысым жоқ",- деген айыпталушы тіпті қасиетті кітапқа жүгініп, ант-су ішті.


Анар Мешімбаева, айыпталушы:


Я не знала - могу поклясться на любой конституции, на любой священной книге. Ни я, ни Баянов, ни Мендибаев - мы не знали ни по субподряды, ни про обналичивание.


Бүгін соңғы куәгер тыңдалған соң, жарыссөз басталуы тиіс-тін. Бірақ прокурор оған дайын болмай шықты.


Уважаемый суд, прошу дать время на подготовку.


Жер-жерден жақтастары табылып жатқан экс-төрайымның өз-өзіне деген сенімділігі арта түскен секілді.


Я ожидаю, что меня оправдают полностью.


Өткен жылы желтоқсанда басталған аты шулы сот процесі аяқталуға таяу. Бүгін жапа шегуші тарап, яғни Статистика агенттігі санақ кезінде келтірілген шығын көлемін атап айтты. Ол 558 миллион 249 мың 409 теңге. Бұл соманың бір тиынына дейін экс-төрайым мен бұған дейін сотталып кеткен оның сыбайластарынан өндірілмек. Ал Анар Мешімбаеваның тағдыры шешілетін күн де алыс емес.


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ