Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбританияда қамауда болған Азамат Теңізбаев ағылшын тілін меңгеріп алыпты

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2014
  • 1084

«Қызға қырындады» деген айыппен Ұлыбританияда жарты жылдай қамауда болған Азамат Теңізбаев ол жақта өз уақытын босқа өткізбей, ағылшын тілін меңгеріп алыпты.

«Мен тіл білмеушіліктен қапасқа қамала жаздадым. Қазір ағылшынша түсінемін», - деді ол бүгінгі баспасөз өкілдерімен кездесуде. Қазіргі таңда жас спортшы басынан өткен келеңсіз жағдайға қарамастан, жаттығуларын жалғастыратынын айтты. 

Еске салайық, спортшыға қатысты жағдай Қазақстан құрамасы Мексикада таэквондодан өткен Әлем біріншілігінен қайтып келе жатқанда болған. Британдық құқық қорғау өкілдері 18 жастағы спортшыны Лондонда қамауға алған еді. Рейстің бір жолаушысы Азамат Теңізбаев ұшақ бортында өзіне қол жүгіртті деп арыз жазған.


Азамат Теңізбаев, таэквондошы:


Бәріңізге көп, көп рахмет. Алда әлі жарыстар көп. Олимпияда бар. Қазақстанның намысын бермеймін. Бәріңізге көп рахмет.


Жұрағат БАМАН