Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Нұрлан Нығматулин мен АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей кездесті

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2014
  • 1235

Бүгін Астанада Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша және сенімді өкілі Джон Ордвей кездесті. Қос тарап екі елдің арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Елбасының биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттар да тілге тиек етілді. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, алдағы онжылдық Қазақстанға тың серпін беруі тиіс. Мәжіліс Төрағасы «Жолдауда көрсетілген талаптар парламентшілер алдында ауқымды міндеттерді белгілейді», - деді.

Ал өз кезегінде Джон Ордвей Қазақстанның даму қарқынына тоқталып өтті. Кездесу иелері алдағы уақытта да барлық салада, соның ішінде парламентаралық деңгейде өзара табысты іс - қимыл жүргізетінін атап өтті. 


Сымбат МОЛДАТАЙ