Күтпеген қонақ. Атырауда шетелдік көлік мінген
жүргізуші жол шетіндегі тұрғын үйдің шарбағы мен қабырғасын бұзып, қонақ
бөлмесіне кіріп кеткен. Оқиға шаһар маңындағы Жұмыскер кентінің Бекмағамбетов
көшесіндегі 135 үйде қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні
сағат 1-лер шамасында орын алған. Қадыровтар отбасы үстіне
құлаған тас пен топырақтан шошып ояныпты.
Сол түні дәл осы
бөлмеде үйдің иесі мен жұбайы және төркіндей келген аяғы ауыр қызы мен оның үш
және төрт жастағы екі бөбегі ұйықтап жатқан. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Үй иесі және аяғы сынған бір сәби қазір
ауруханада жатыр. Автокөлік сәл болмағанда адамдарды тапап өтуге шақ қалған.
707 нөмірлі шетелдік Хюндай Тюксон көлігін тізгіндеген 39 жасар кәсіпкер
көлігін тастай салып, ізін суытып үлгеріпті. Үй иелері оның удай мас болғанын
айтып отыр.
Гүлмира Қадырова, үй иесі:
Забордың бәрін бұзып, жардың бәрін бұзып кіріп келген де
қашып кеткен. Водительді таба алмай қалдық. Шетінде жатқан ағам балдарды азар алып шыққан топырақтың, тастың арасынан. Білмеймін енді, мынау деген масқара ғой. Бұлардың бәріне кім жауап береді білмеймін.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ