Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жеке үйлерде пештің ақауынан көз жұмған адамдар саны артты

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2014
  • 1527

Астанада улану салдарынан көз жұматындар саны артты, жыл басынан бері елордада қызыл жалын шарпыған жетпіс оқиға тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 25%-ға көп.

Тұрғындардың абайсыздығынан өрт, әсіресе пешпен жылитын жеке үйлерде жиі тіркеледі. Мәселен, кеше Астана қаласының Тараз көшесінде жеке үй ашық өртке оранған. Өрттің аумағы 60 шаршы метрді құрап отыр. Қатты соққан жел кері әсерін тигізіп, салдарынан төтеншеліктер қызыл жалынды 20 минутта әрең сөндіріп үлгерді. Жалынға оранып, тек күлі ғана қалған үйден ер адамның мәйіті табылды.

Еске салайық, осыдан бір апта бұрын пештен шыққан ақауға байланысты Астанада екі жасөспірім уланып, көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті, аязды күндері бұл көрсеткіштің артып кету қаупі басым болғандықтан, алдын ала сақ болуды сұрайды. Жалпы жылу беру маусымы басталғалы бері Қазақстанда 30- ға жуық адам қаза тапқан.

Мұрат Мәдібаев, Астана қаласы ТЖД аға инженері, Өртке қарсы қызмет бөлімінің аға лейтенанты:

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді. Жыл басынан бастап Астана қаласында 70 өрт оқиғасы тіркелген, 7 адам қаза тапты. Олардың ішінде 2 кішкентай бала қайтыс болды. Өрт орындарының ішінде басты салдары ол - жылыту пештердің ақаулығы және тұрғындардың абайсыздығы.

Сымбат МОЛДАТАЙ