Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы «Россия» арнасына берген сұхбатында спортшыларымыздың биіктен көрінетініне сенімді екенін айтты

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2014
  • 840

Сочи әлемдегі ең сапалы шипажайлардың біріне айналды. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік журналист Сергей Брилёвке берген сұхбатында мәлімдеді.

Елбасы қазақстандық спортшылардың биіктен көрінетініне сенімді екенін айтып, Қазақстан 2022 жылғы ақ олимпиаданы өз жерінде өткізуден үмітті екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев елдегі ірі инфраструктуралық жобалар мен Астанада бой көтеріп жатқан құрылыс нысандарының талай сынға себеп болғанына қарамастан, қарапайым халық игілігіне жарап жатқандығын баяндады. Сұхбат соңында Қазақстан президенті биылғы ақ олимпиданы өткізуші қожайын - Ресейге сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, спорт сайысы кезінде әлемдегі кикілжіңдер мен күйіп тұрған түйткілдердің бәсеңдейтініне сенім артты.

Әлия ӘШІМ