Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда мұсылман қауымы Муліт мерекесін атап өтті

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2014
  • 2344

Алматыда осы демалыс күндері адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы, екі дүние сәруары Мұхаммед пайғамбарымыздың туған күні - Мәуліт мерекесі атап өтілді. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайына жиналған мұсылмандар үшін терме-толғау, арнау, ғибратты ән-жырлар орындалды. Театрландырылған көріністер қойылып, жамағатқа рухани нәр беретін құран оқылды.

Бүгінде әлем мұсылмандарының халықтық мерекесіне айналған, қуаныш пен шаттық күні болған, «мәуліт мерекесі» сан ғасырдан бері жыл сайын тойланып келеді. Барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, Расуллуллаһ еске алынады. Мәуліт - туылған сәт дегенді білдіреді. Бұл мерекенің ең маңызды бөлігі - пайғамбарымызға салауат айту. «Салауат» сөзі араб тілінде «берекет», «құрмет ету», «тілек» сияқты мағыналарды білдіреді.

Шараның басты мақсаты - Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани өнегелі өмірі, тәлім-тәрбиесі мол ұлағатты сөздерін жас өрендердің санасына сіңіру, жастардың дұрыс, тура жолмен жүріп-тұруына септігі тиетін хадистерді насихаттау.

Серікбай қажы Ораз, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы:

Қараңғылықтын жарық нұрға бөленуге дәнекер болған, екі дүниенің бақытына кенелуге ұстаз болған Мұхаммед пайғамбарға арналған мәуліт кешінде отырмыз. Бүгінгі мәуліт - бірлік пен мейірімділіктің мерекесі. Халық арасындағы ізгілікті нақ пайғамбар көрсеткендей, бірін-бірін құрметтеудің мерекесі деп айтар едім.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ