Сегіз жылғы сергелдең! Астанада осынша
уақыт бойы еш құжатсыз, үй-күйсіз қаңғып жүрген қыз табылды.
Елордалық ішкі істер департаментінің
ақпаратынша, 20 жасар Екатерина Коханова Алматы облысындағы балалар үйінің
тәрбиеленушісі болып шықты. Туғалы анасын
көрмеген бойжеткен әкесі мен өгей шешесінің қолында тәрбиеленіпті. Кейін өгей
анасы күн көрсетпей, балалар үйіне тапсырылады. Одан да пана көрмеген қыз
әкесінің үйіне қайта оралғанымен, сіңісе алмаған. Кейін
теріскейге аттанып, төрт жыл бойы Астанада ыдыс жуып, еден тазалап күн көреді.
Ал күні кеше Астана қалалық ішкі істер
департаменті жоғалған қызды туған әкесімен табыстырды.
Әлия ӘШІМ