Русский Сайттың толық нұсқасы

Л.Слуцкий: Еуразиялық одақ шеңберінде ортақ валюта енгізіледі

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2015
  • 881

Еуразиялық одақ шеңберінде ортақ валюта енгізу күн тәртібінде тұрған жоқ. Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев бүгін осылай деп мәлімдеді.

«Қазіргі таңда есеп айырысу бірлігі мен ЕАЭО ортақ валютасын құру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселе интеграциялық бірлестіктің бір де бір деңгейінде талқыланып жатқан жоқ».

Еске салайық, «Познер» бағдарламасына сұхбаттасуға келген Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Леонид Слуцкий Еуразиялық одақ аумағында ортақ валюта енгізіледі. Бұл бағытта одақтас елдердің Орталық банктері жұмыс жүргізіп жатыр, деп мәлімдеген-ді. Думадағы ТМД және еуразиялық интеграция жөніндегі комитеттің төрағасы алдымен 2011 жылы айтылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын еске салды. Сондай-ақ, ол қаржылық дағдарысқа байланысты бұл процесс кешеуілдеп жатқанын алға тартты. Познер студия қонағымен жаңа валютаның атауын да талқыға салды. "Рубль"  болып қалуы мүмкін бе дегенге, Слуцкий жаңа валюта  "евраз" деп аталуы ықтимал, бірақ әлі ақылдасамыз деп қайырды.

Леонид Слуцкий,  РФ Мемлекеттік Думасының ТМД және еуразиялық интеграция жөніндегі комитетінің төрағасы: 

Бізде есептесетін ортақ ақша пайда болады. Қазіргі уақытта орталық банктер осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Әрине, бұл 2011 жылға қарағанда әлдеқайда қиындау болып тұр. Дағдарыс та кесірін тигізуде. Бірақ жұмыс жүріп жатыр. Ол аса қажет. Сондықтан ерте ме, кеш пе ортақ валюта енгізіледі. Әрине, ол оңай болмайды.