Русский Сайттың толық нұсқасы

А321 ұшағының апаты Мысыр билігіне қарсы іс-қимыл болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2015
  • 963

А321 ұшағының апаты Ресейге ғана емес, Мысыр билігіне қарсы іс-қимыл болуы ықтимал. Бұл туралы "Коммерсант" газеті дереккөздеріне сүйене жазуда. Мәскеулік Карнеги орталығының сарапшысы Алексей Малашенконың айтуынша, Синай жартылай аралындағы апат Мысыр президенті Абдель-Фаттаха ас-Сисидің беделіне күрделі нұқсан келтірген. Ұшақ апатының салдарынан мысыр экономикасы туризмнен түсетін миллиардтардан айырылмақ.

Еске салсам, қараша айының сегізі күні Владимир Путин Шарм-Эль Шейхқа ұшуға тыйым салатын жарлыққа қол қойған болатын. "Коммерсант" газетінің таратқан ақпаратына сенсек, бұл тыйым «бір жылға» созылуы ықтимал. Қазірдің өзінде Шарм-Эль Шейхтағы қонақ үй иелері табыстарының 70 пайызға кемитінін айтып жатыр. Ал Мысырға ұшақтардың ұшпауынан ел экономикасы күн сайын 4 миллион доллардан қағылып отыр.

Берік ХАСЕНОВ