Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Ерлан Сағадиев себепсіз қызметінен босады

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2015
  • 1006

Үкіметтегі кадрлық өзгеріс. Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Ерлан Сағадиев қызметін босатты. Министрліктің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап отыр. Дегенмен, Сағадиевтің қызметтен кету себебі және оның орнына кім тағайындалары туралы әзірге дерек жоқ. Кей ақпарат құралдары оның өз еркімен міндетінен бас тартқандығы жөнінде хабарлауда.

Ерлан Сағадиев, мемлекеттік қызметке келгелі, түрлі компаниялар басшысы, вице-министр, Премьер-министрдің кеңесшісі лауазымдарын атқарды. Ал 2014 жылдың тамызында ол Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің орынбасары болып тағайындалған-ды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ