Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан ДСҰ-ға заңды түрде тек жыл аяғында қосылады

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2015
  • 1602

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына заңды түрде тек жыл аяғында қосылады. Еуразиялық интеграция институты экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельновтың  айтуынша, Қазақстанның сауда ұйымына қосылуы туралы хаттама Парламентте 31 қазанға дейін ратификациялануы тиіс.

Хаттама мақұлданғаннан кейін 30 күн ішінде Қазақстан ресми түрде Дүниежүзілік сауда ұйымының 162-ші мүшесі болады. Яғни Парламенттің қос палатасы дауыс беріп, Президент қол қойғаннан кейін 30 күн өтуі тиіс. Содан соң Қазақстан бұл ұйымның толық құқықты мүшесі атанады.

Сарапшының пікірінше, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы - ел үшін өте маңызды қадам. Десек те, халықаралық ұйымға енбес бұрын Қазақстан қызмет көрсету саласында өз мүдделерiн қорғау үшiн нақты талаптарды қойған.

Владимир Тельнов, Еуразиялық интеграция институты экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі:

Бiз ереже бекiттiк, бiздiң нарыққа келген әрбiр шетелдiк компанияның өкiлдiгi Қазақстанның заңды тұлғасы мәртебесiн алуы қажет. Мәселен, егер iрi компания өзiнiң филиалын ашатын болса, оны Қазақстанда тiркеу тиiс. Яғни ол бiздiң құқықтық кеңiстiгiмiзге сай қызмет атқаруы керек. Соның негiзiнде көптеген мәселелердi шешуге болады.

Берік ХАСЕНОВ