Русский Сайттың толық нұсқасы

«Барселона» шабуылшысы Лионель Мессидің басы дауға қалды

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2015
  • 1527

Футболдан Америка Кубогының финалдық матчынан кейін «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессидің басы дауға қалды. Аргентиналықтар Чили құрамасынан ұтылғаннан кейін оннан аса басылым Мессиді ұлттық құрама үшін селқос ойнағаны үшін айыптады. Аргентиналықтар төрт рет «Алтын доптың» иегері атанған Месси ұлттық құрама сапында «Барселона» қатарындағы ойынның жартысын да көрсетпейді деп санайды. Кейбір дереккөздері Месси болашақта ұлттық құраманың ойындарына шықпауы ықтимал деген ақпарат таратуда. Оны тілшілердің таратқан ақпаратын жоққа шығару үшін жасамақ екен. Еске салсам, Аргентина құрама командасы соңғы екі жылда үнемі халықаралық маңызды ойындардың финалдық ойындарында жеңіліс табуда. Лионель Месси Аргентина құрама сапында 103 матч өткізіп, 46 доп соққан.



WBA тұжырымының орта салмақ дәрежесіндегі чемпионы, 32 жастағы кубалық Эрисланди Лара WBA, IBO, WBС тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен күзде кездесу ықтималдығын 50 пайызға теңеді. Ол өз сөзінде: «Қазіргі кезде менің адамдарым Головкинмен кездесу өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Мен осы кездесудің өткенін асыға күтемін. Егерде нөлден жүзге дейін айтатын болсақ, мен бұл кездесудің өту мүмкіндігі 50 пайыз дей аламын», - деген.

Еске салсақ, Лара 13 маусымда доминикандық боксшы Дельвин Родригесті жеңіп, орта салмақтағы белді бокшыларды жекпе-жекке шақырған болатын. Олардың қатарында қазақстандық Геннадий Головкин де бар. Кубалық осыған дейін «Головкин мықты болғанмен, оның қорғанысында әлсіз тұстары көп» деп мәлімдеген.

Берік ХАСЕНОВ