Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматының даму бағдарламасы тұңғыш рет қоғамдық талқылауға шығарылды

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2015
  • 1092

Алматының даму бағдарламасы тұңғыш рет қоғамдық талқылауға шығарылды. Енді құжат әкімдіктің ресми сайтында жарияланбақ. Жұмыс тобының отырысында белгілі болғандай, кез-келген тұрғын Алматыны дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарлама жобасымен танысып, экранда көрсетілген электронды поштаға талап-тілегін жолдай алады. Бағдарламада шаһарды көркейтудің негізгі 7 бағытына басымдық берілмек. 

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

Біріншіден, Алматы өмір сүруге жайлы қала болуы керек. Екіншіден, ол қауіпсіз, үшіншіден, әлеуметтік салаға бет бұрған қала болғаны жөн. Төртіншіден, экономикалық мықты, бесінші - бизнес пен капитал. Алтыншы, интеграциялық, халықаралық қатынастарға орнатылған қала. Ал жетінші, халықаралық белсенді қала. Осыларды табанды жүзеге асыру қалаға айтарлықтай алдағы бес жылда оң өзгерістер әкеледі деп сенеміз.  

Бауыржан Байбек 2015 жылға дейінгі даму бағдарламасында шешімін таппаған мәселерге назар аударды. Жаңа жобада қолайсыз экология, жолдардағы жүктеме, жұмыссыздық, инфрақұрылымның тозуы сынды күрделі жәйттерге басымдық берілмек. Шаһар тұрғындардың өмір сүруі мен жұмыс істеуіне қолайлы халықаралық деңгейдегі қала болуы тиіс.