Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары жандана түсті

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2015
  • 1740

Елімізде терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары жандана түсті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында осыны мәлімдеді. Сондай-ақ, Елбасының бастамасымен өткізілетін «Терроризмге қарсы ислам» форумын ұйымдастыру жайына тоқталды. Лаңкестікпен күресетін дүниежүзілік желі құру бастамасының да қолдау тауып отырғанын айтты. Еске салайық, президент аталмыш бастамаларды қыркүйекте өткен БҰҰ-ның сессиясында ұсынған.

Дәурен Абаев, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:

«...жиілеп кеткен лаңкестік актілер барлық елдердің қауіпсіздік шараларын нығайтуына түрткі болып жатқаны шындық. Біз де әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде бұған көз жұмып қарай алмаймыз. Біздің арнайы қызметтер бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатқандығын айта аламын. Жұртшылық оны аса сезіне қоймайды, ал шындығында бұл қызмет бір минут та тоқтаған емес. Бүгін лаңкестікке қарсы әрекеттер ісінде басқа елдердің қауіпсіздік органдарымен бірлескен жұмыстар жандандырылғанын атап өткім келеді». 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА