Русский Сайттың толық нұсқасы

Батысқа іс-сапар

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2015
  • 1926

Біз Лондоннан ештеңе сұрамаймыз. Сіздерді Қазақстанға келуге және бізбен бірге табыс табуға шақырамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлыбритания патшалығына ресми сапары барысында.

Президенттің Лондон, сосын Париж сапарына байланысты детальдар мыналар:

1. Британдықтар да, француздар да  Қазақстан жағымен 5 миллиард долларды құрайтын келісім-шарттар мен меморандумдар жасасты. Екі мемлекетті қосқанда 10 млрд. доллар. 

2. Президент барған жерінде Қазақстанды индустрияландыруға, жоспарланып отырған ірі кәсіпорындарды жекешелендіруге және құрылып жатқан «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына белсене қатысуға шақырды.

3. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронды да,  Франция Президенті Франсуа Олландты да  І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

4. ІІ Елизавета патшайыммен кездесті.