Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО: «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі Артемьевск кенішіндегі еңбек дауы шешілді

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2014
  • 1260

«Қазақмыс» корпорациясына тиесілі Артемьевск кенішіндегі еңбек дауы, жұмыскерлердің барлық талаптарын ескере отырып, біржолата шешілді. Бұл туралы хабарды Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы таратты. Еңбеккерлер мен жұмыс беруші өзара келісім хаттамасына қол қойды, деп жазылған хабарламада.

Бұрынырақ хабарлағанымыздай, отызыншы қаңтарда түнгі кезекті тәмамдаған 108 кенші ереуіл бастады. Олар 500 метр тереңдіктен жер бетіне шығудан бас тартты. Кейін оларға күндізгі кезектегі 230 жұмыскер қосылды. Кеншілер айлықты көтеріп, жұмыс кестесін, еңбек жағдайын және үстеме сыйақы төлеу жүйесін өзгертуді талап етті.

Жергілікті билік пен «Қазақмыс» корпорациясы өкілдері тікелей келіссөз жүргізгеннен соң, жұмыскерлер ереуілді тоқтатты. Хабарламада тараптардың өзара келісімін еңбеккерлер оң қабылдағаны айтылған. Айлық көлемі мен тарифтік бағамдарды ұлғайту кеншілердің басты талабы болатын, - деп хабарлады жергілікті ақпараттық орталық.

Сәкен ӘБДИЕВ