Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда бес қабатты тұрғын үйде жылу құбыры жарылып, үй көгеріп жатыр

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2014
  • 1502

Зең басқан баспана. Ақтаудағы Маңғышлақ станциясының бес қабатты тұрғын үйінде жылу құбыры түгел жарылып, салдарынан тұрғындар буға тұншығып қалды. Апатты үйдің едені көтеріліп, қабырғадағы түсқағаздар түсіп жатқан көрінеді. Тұрғындар апатқа коммуналдық қызметкерлер айыпты деп отыр. Екі тарап арасындағы талас турасында Жұрағат Баман.


Бір қарасаңыз қарапайым пәтер. Бірақ баспана есігінен шыққан бу салдарынан бұл пәтерлер қазір монша іспетті. Мұндағы тұрғындардың таңы көгерген қабырғаларды тазалаумен атады. Түс ауа жұрт жаппай шаш кептіргішпен еденді құрғатады. Тұрғындар мұның бәрі екі жыл бұрын жарылған жылу құбырының кесірі дейді. Сол себепті де пәтер иелері жылына екі рет баспананы жөндеуге мәжбүр.


Бекболат Ақниязов, Маңғышлақ станциясының тұрғыны:


Екі жыл болды көшіп келгенімізге. Қабырға көктеп жатыр. Жылда ремонт жасаймыз.


Жанат Маманбаева, Маңғышлақ станциясының тұрғыны:


Коммуналдық қызмет үшін ақы ай сайын төленіп тұратын көрінеді. Десе де жертөледегі былықты реттеуге асықпайтын қызметкерлер еш кінәміз жоқ деп отыр. Тіпті көмегімізді ұсынғанбыз, өздері бас тартты деп бой бермеген. Ал апат, коммуналдық мекеме пайымдауынша, екі жыл бұрын емес, күні кеше болған.


Қарасай Абыханов, Маңғышлақ станциясы Мұнайлы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының басшысы:


Ішкі жұмыстар әрбір тұтынушының өздерінің қызметіне жатады.


Ал облыстағы жылуға жауапты «Маңғыстау жылу» судың тоқтаусыз ағуынан кететін шығынның мөлшерін есептеп әлек.


Бекбол Қазақбаев, «Маңғыстау жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысы:


Қазіргі жағдайды ескере отырып, әкімдік тапсырма берді. Жақын арада жөндеп береміз.


Жертөледе толып қалған қара суды сорып алуға "Маңғыстау жылу" келісім берді. Бұл мекемені тікелей міндеті болмаса да, мұндағы қызметкерлер күн соңына дейін істі бітіруге уәде берді. Ал мекеме басшылығы апатты жағдайларда айыптыны даусыз анықтау үшін, коммуналдық кәсіпорынмен келісімшартқа отыруға шақырды.


Жұрағат БАМАН