Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы генерал Панфиловтың ескерткішін ашу рәсіміне қатысты

  • AstanaTV
  • 07 мамыр 2015
  • 1676

Бүгін Елордада атақты генерал Иван Панфиловтың ескерткіші ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. «Жерұйық» саябағында орнатылған ескерткіштің биіктігі 2,5 метрді құрайды. Авторы - мүсінші Ренат Әбенов. Ескерткіш ортасында гүл шоқтарын қоюға арналған тақта бар. Шығыс бетінде Мәскеуді қорғауда ерлікпен қаза тапқан 28 жауынгер-панфиловшылардың естелік тақтасы орнатылған. Сондай-ақ Кеңестер Одағы Батырының Алтын Жұлдыз медалі бекітілген 28 стелла жасалды.

Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде Панфиловтың есімі Отан соғысы тарихында мәңгі қалатынын айтты. Генерал-майор Иван Панфилов басқарған 316-шы дивизия Алматы облысында құрылған. Мәскеу түбіндегі шайқаста фашистік Германияның шабуылын тойтарды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Генерал Панфиловқа қойылған ескерткіш бүкіл еліміздің соғысқа қатысқан батырларына ескерткіш деп санау керек. Қазақстаннан шыққан жауынгерлердің көпшілігі Совет Одағының батыры атағын алғанын білесіздір. Қанша халықтың барғанын да білесіздер. 1 миллион 200 мың қазақстандықтар соғысқа аттанып, жартысы қайтпай қалды. Жартысы жанпида етті. Ол еліміздің сол кездегі санағанда 20 пайызы еді. Сондықтан фашизмге қарсы соғысып, бүгінгі еліміздің берекесіне, бірлігіне көп үлес қосты.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА