Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай басшысы Қазақстанға ресми іссапармен келді

  • AstanaTV
  • 07 мамыр 2015
  • 919

Бүгін Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинь Қазақстанға ресми іссапармен келді, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Аспан асты елінің басшысы - Президент Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайланған соң елімізге атбасын бұрған алғашқы мемлекет басшысы.

Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай халық республикасы төрағасымен Қазақстанның экономикасын әртараптандырудың тың бағдарламасын талқылайтынын мәлімдеген еді. Бұл Си Цзиньпиньнің Қытай жетекшісі ретінде Қазақстанға жасаған екінші ресми сапары.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА