Алматыда
заңсыз салынған дәмханалар бұзыла бастады. Бүгін мемлекеттік сәулет-құрылыс
басқармасының шағымымен сотта «заңсыз құрылыстар» санатына жатқызылған екі
дәмхана қиратылды. Сот орындаушылары Абай даңғылы мен Масаншы көшелерінің
қиылысындағы «Дөнер» орталығы мен «Беркет» асханасын сүріп тастады. Олардың
бірінде жерге жекеменшік құқық беретін акт болмаған. Ал екіншісі архитектуралық
жоспарлау тапсырмасын жасамай тұрып, құрылыс жүргізген. Қала тұрғындарына
кеңінен таныс фаст-фуд орталығы тұрғын үйге жапсарлас салынған.
Біржан
Қожаниязов, Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас
маманы:
Осы
үйдің тұрғындарынан арыз-хаттар түседі. Яғни қосымша құрылыста газ баллонымен донер өнімдерін жасайтындығы және үй тұрғындарына көп кедергі
келтіретіндігі туралы. Сол себепті мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасымен
жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеру жүргізілді. Сөйтіп, заңсыз құрылыс
анықталды.
Қала
әкімі «Юбилейный» кешенінде болған алапат өрттен соң тұрғын үйлерге жапсарлас
салынған заңсыз тамақтану орындарын сүруді тапсырды. Айта кетейік, 10 мамырда «Юбилейный» сауда
кешеніне қарасты дәмханадан от тұтанып, 20-дан астам пәтер өртенген еді.
Ришат
АСҚАРБЕКҰЛЫ