Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің іргесіндегі Белогор ауылының тұрғындары балшыққа белшесінен батып жүр

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2016
  • 2649

Ақтөбе іргесіндегі Белогор ауылының тұрғындары жол салып беруді талап етті. Ауылда батпақтан аяқ алып жүру мүмкін емес. Көктемгі ағын сулар ауыл ішін әбден езіп, ми батпаққа айналдырған. Жергілікті биліктен қайыр болмағанын айтқан тұрғындар, біздің арна тілшілеріне шағымдана келді. Олар мұндай жағдай жыл сайын қайталанатынын айтты. Ауыл ішінде көлік түгілі жаяу жүргіншінің жүруі де мұң. Біздің тілшілеріміз, ауылдың орталық көшесінде жедел жәрдем көлігінің батпаққа батып қалғанына куә болды.

Әлібек Шоқпытов, Ақтөбе облысы Белогорка ауылының тұрғыны:

Ауылдың сыртынан келгенде міне, осы жерден бітеді. Әрі қарай бара алмаймыз. Ананың барлығы балшық. Тракторге дейін батып қалады. Машиналардың барлығы тұр. Продуктыны осы жерге дейін алып келеміз. Әрі қарай тасимыз қолмен. Жүре алмаймыз. Адам деген аяғын алып жүре алмайды. 3 км жерде карьер бар. Соның щебень жеткізе алмай отыр. Мынаған щебень төсеуге болады ғой. Біз асфальт сұрап тұрған жоқпыз. Қырғын жол жаса деп тұрған жоқпыз.

Бұл ауылда бүгінге 70-ке жуық шаңырақ түтін түтетіп отыр. Ауыл әкімі болса, жол жасауға 90 миллион теңгеден астам қаражат керек екенін айтты. Әзірге бюджетте бұл мақсатқа ақша қарастырылмаған. Сондықтан ауыл ішіндегі жолды грейдермен түзету  жоспарланып отыр.

Бақұзақ Дарин, Ақтөбе облысы Благодарный селолық округінің әкімі:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобильдер жолдары мемлекеттік мекемесіне тапсырыс беруші ретінде олардан мына жолды тегістеуге ауылдың арасын, екі ауыл арасын, сосын сол Белогор ауылының ішкі жолдарын тегістеуге біз грейдер жыл сайын сұрап тұрамыз. Биылғы жылы да жоспарда бар. Белогор ауылында қазір балшық. Оларда әлі ылғал көп. Сондықтан кішкене кепкенен кейін біз сол ауылға жіберетін боламыз.

Мансұр ЕСҚОЖИН