Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жүкті әйел мен оның 3 жасар баласын қағып кеткен экс-шенеунік кепілдікпен босатылды

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2014
  • 1244

Алматыда жүкті әйел мен оның 3 жасар баласын қағып, ізін жасырмақ болған экс-шенеунік кепілдікпен босатылды. Мұндай ақпаратты бүгін қалалық прокуратура жазбаша түрде таратты. Олардың дерегіне сай, жол көлік оқиғасына себепкер болған Ұйғыр аудандық салық басқармасының бұрынғы басшысы Бақыт Құрмашев Алматыдағы 4 бөлмелі пәтерін кепілге қойып, босап шыққан.

Алайда прокуратураның мәліметінше, зардап шегушілердің денсаулығына келген зиян көлемі ауыр деп танылса, айыпкерге қолданылған шара өзгеруі мүмкін. Ал жәбірленушінің туған әпкесі Кәмила Чайбырованың айтуынша, бала әлі күнге есін жимаған. Анасының жағдайы да мәз емес көрінеді. 

Камила Чайбырова:

Баланың жағдайы өзгерген жоқ. Сол қалпы комада жатыр. Жалпы тергеу жүріп жатыр. - Ал сіңліңіздің жағдайы қалай? - Ол ауруханадан шықты. Бірақ жағдайы нашар. Тыныс алғанда, қиналады, жүріп-тұруы да оңай емес.

Естеріңізге салайық, маусымның 20-і күні Алматы облысы Ұйғыр аудандық салық басқармасының экс-басшысы Алматы көшелерінің бірінде аяғы ауыр әйел мен оның 3 жасар баласын қағып кеткен. Медициналық қорытынды сол мезетте жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғанын көрсетіп берді.

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ