Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі - халық таңдауының жемісі. Америкалық
сарапшылардың пікірі осындай. Олар сайлауда айқын басымдыққа ие болған
Қазақстан басшысын сүбелі жеңісімен құттықтады. АҚШ-тың Орталық Азия және
Кавказ институтының төрағасы Фредерик Старр Қазақстан жұрты Назарбаевқа дауыс бере отырып, елдегі
тұрақтылық пен өркендеу үшін таңдау жасады,- деп санайды.
Фредерик Старр, АҚШ-тағы Орталық Азия-Кавказ институтының төрағасы:
Нұрсұлтан Назарбаевты айқын жеңісімен құттықтаймын. Сөз жоқ ол - ұлттың
тірегіне айналған тұлға. Біз әрқашан Қазақстан мен оның басшысына оң
көзқарастамыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі Қазақстан үшін ең алдымен аймақта
және жалпы әлемде қалыптасқан түрлі қауіп-қатерлерден аман шығуға көмегін
тигізеді деп есептейміз.
Михаил Дмитриев «Жаңа экономикалық өрлеу» ұйымының президенті:
Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаудағы
жеңісі үшін үлкен құттықтауымды жеткізгім келеді. Президент кезекті рет халық сеніміне ие болды. Мен
оған Қазақстанның алдағы даму бағытында
табысты еңбек жолын тілеймін.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА