Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Құрамасы Дельфи ойындарының алдында есеп беру концертін өткізді

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2015
  • 1794

Қазақстанның құрама командасы 10-шы Дельфи ойындарына әзірлігін пысықтады. Кеше талантты да талапты жастар Астанада гала-концерт берді. Таяуда олар Ресейге аттанып, еліміздің намысын қорғамақ.

Орел қаласында өтетін жарыс үш кезеңмен өтеді. Басты тақырып - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Дүбірлі додаға  Қазақстан құрамасы атынан түрлі аудандық, қалалық және облыстық байқауларда суырыла алға шыққан 56 өнерпаз барады.

Айта өтейік, Дельфи ойындары барысында олар сырнай, ұлт аспаптары, дәстүрлі ән, академиялық ән, фортопьяно, саксафон, халық биі, фотоөнер, эстрадалық ән, бейнелеу өнері, веб-дизайн аталымдары бойынша сынға түседі. Биыл біздің жастар алғаш рет заманауи би номинациясы бойынша да өнер көрсетпек.

Бақытжан Тәжинов, ҚР Ұлттық Дельфи комитетінің директоры:

Заманауи би -  өте қиын жанр. Алдын ала талаптарда бұл номинация көрсетілгені жақсы болды. Егер бұл көше не болмаса клуб биі болса, оның формасы мүлдем бөлек.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА