Кезектен
тыс өткен Президент сайлауы ел бірлігін паш еткен саяси оқиға болды. Алматыдағы
Ұлттық
ғылым академиясының
академиктері мен әртістер 26 сәуірде
өткен сайлауға осындай баға берді.
Өмірзақ
Айтбай, ҚР ҰҒА академигі:
Мен
барлық сайлауларға қатысып келе жатырмын. Елбасының алғашқы сайлауынан бері өз
дауысымды беріп келдім. Өйткені Елбасының барлық тірліктеріне, жоспарларына,
ойларына о бастан мен қанықпын. Көп ісіне куәгермін деп айтуыма болады.
Сәбит
Оразбаев, ҚР Халық әртісі:
Ұлықтаудан
көріп отырып, кермет өзім қуандым. Өйткені басталған істің бәрі баянды болып,
салтанатпен,
бүкіл халық өзінің достығымен, бірлігіменен
осы бір Қазақстан аспанына, ауасына бір керемет ғажайып, жақсылықты алып
келгендей сезінесің. Сайлауды көрдік, бала-шағасымен, тайлы
- тұяғымен
келді. Содан белгілі болған, бұл өзі сайлау сәтті болатыны.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ