Қазақстанда
сал ауруына шалдыққан балаларға арналған 14 оңалту орталығы ашылады. Бұл туралы
«Қасиетті жол» қорының құрылтайшысы Динара Закиева мәлімдеді. Олардың өмірін
жеңілдету үшін «Нұр Отан» партиясының қолдауымен республика бойынша 9 балалар
үйінде оңалту орталығы ашылған. Осының арқасында өткен жылы 3 мыңға жуық бала оңалтудан
өткен.
Бірақ қалғандары жылдар бойы өз кезектерін күтуге мәжбүр, - дейді қор
құрылтайшыларының бірі Арайлым Еркінова. Ал мұндай дертке шалдыққан 13 жарым
мыңға жуық бүлдіршін бар. Сондықтан олар республика бойынша оңалту
орталықтардың санын арттырып, өзін таныта білген «Қасиетті жол» орталығының
үлгісінде ашу керек деп отыр.
Динара
Закиева, «Қасиетті жол» ҚҚ құрылтайшысы:
Біз
бүгін сіздерге Қазақстандағы «Жақсылық жаса» жобасының жетістіктерімен
таныстырғымыз келеді. Бұл еліміздің әр аймағында, әр түкпірінде жасалған
жақсылықтардың басын қосатын жоба. Бірақ оның басты мақсаты - Қазақстан
бойынша сал ауруына шалдыққан балаларға арналған 14 оңалту орталығын салу.