Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаржы полициясы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасын қамауға алды

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2014
  • 1352

Аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен тағы бір лауазымды қызметкер тұтқындалды. Қаржы полициясы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Марат Оспановты қамауға алды.

Мұрат Жұманбай, ҚР ЭҚСЖҚКА ресми өкілі:

Оспановқа қатысты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Шенеунік табиғи монополиялар субъектісіне қамқорлық жасағаны үшін 200 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деп айыпталып отыр.

Айта кетейік, Мұрат Оспанов 1967 жылы Алматыда туған. Агенттікке дейін әр жылдары аймақтарда осы саланы басқарды. 2002 жылы Семей қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен. 2010 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары лауазымында болған. Ал 2012 жылы агенттік төрағасы болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ