Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан парламентшілері, шығармашылық интеллигенция және бизнес өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2015
  • 1261

Парламент депутаттары, шығармашылық интеллигенция және бизнес өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевты кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Бұл қазақстандық әрбір азамат үшін тарихи таңдау болды. Қазақстандықтар бүгін кемел әрі уайымсыз болашаққа бір адым жақындай түсті», - деді халық қалаулылары. Ал бизнес саласының өкілдері Елбасының сайлауалды бағдарламасында белгіленген стратегиялық реформаларын іске асыруда аянбайтындықтарын жеткізді. 

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі: 

Бұл тарихи күн, бұның парағы жаңадан ашылды. Біздің болашағымыз алда. Бүгінгі бес қадым - ол бізді ойлағаныңыз, болашақты ойлағаныңыз. Егер де бастаудың суы лайланса, су таусылады дейді, рух аянса, ел тұншығады дейді. Соны біз жібермейік. Ол сіздің берген тапсырмаңыз. Сол себепті біз жұп болып, бір кемеде жеңіске жетеміз.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының атынан Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз. Біз өзіміздің өмірлік тәжірибеміз бойынша бейбітшілік пен тыныштықтың құнын білетін адамдар ретінде, қазақстандық армияны жаңғырту секілді маңызды бағыттың қажеттілігін атап өтеміз. Өте маңыздысы - сол сіз ұсынған халықтың реформалардың әрқайсысы бейбітшілікке, келісімге және қазақстандық қоғамды дамыту ісіне қызмет етеді.

Райымбек Баталов, Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы:

Президент шағын және орта бизнеске баса назар аударып, кәсіпкерлер үшін барынша қолайлы жағдай жасап келеді. Біз бұл тұрғыда нақты қолдау көріп отырмыз. Осы орайда Елбасының экономикаға қатысты нақты реформаларды айқындап бергенін айрықша атап өткім келеді. Сондықтан осы тың бастама, жүйелі жоспарды жүзеге асыруға тас түйін дайынбыз.

Нұрлан Оразалин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының төрағасы:

Бұл тарихи сәт. Сондықтан біз ең әуелі өзінің айқын жеңісімен жетіп, елінің алдында ант берген Елбасын құттықтағымыз келеді. Елбасымен бірге оған сеніп, осы кезеңде тарихын, тағдырын қайта сол кісінің қолына тапсырған қалың қазақ жұртын құттықтағымыз келеді. Біз тарихтың жаңа кезеңінде тұрмыз, жаңа бетін ашып отырмыз. Сол халық өзінің кемеңгерлігін тағы да дәлелдеді. Елбасымызды құттықтаймыз, халқымызды құттықтаймыз осы бір қуанышты сәтпен.

Светлана Романовская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Шағын және орта бизнеске қатысты Елбасы айтқан институционалды реформаларды міндетті түрде іске асырып, дамыта түсу керек. Индустрияландыру картасы отандық өндірісті өрге сүйреп, бәсекеге қабілетті етуге ықпал етері сөзсіз.

Жұрағат БАМАН