Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоғам қайраткерлері сайлауға қатысты лебіз-пікірлерін білдіріп жатыр

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2015
  • 1293

Елбасының сайлаудағы жеңісі - халықтың шынайы ықыласын және болашаққа деген сенімін көрсетті. Елге танымал қоғам қайраткерлері, 26-сәуірде өткен кезектен тыс сайлауға осындай баға береді.

Сұлтан Сартаев, ҚР ҰҒА академигі:

Мынау өткен сайлау Қазақстан тарихындағы ең үлкен, ең қажетті өрісті сайлаулардың бірі болды. Бұл сайлауда біздің халқымыз өз сүйген ұлын, қалаған ұлын Нұрсұлтан Әбішұлын қайтадан Президент етіп сайлады. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихындағы бірегей Президент. Ең мықтысы екенін бүгінгі күні көрсетіп отыр. Сайлаушылардың 98 пайызы дауыс берді дегенсөз, ол яғни халықтың сүйікті ұлы дегенді білдіреді.

Еділ Ерғожин, ҚР ҰҒА академигі:

Алдыға қойып отырған сол 5 масқат түгел орындалса, біздің ел әрине 30 елдің ішіне кіреді. Және біздің ел өте қуатты, экономика, өндірісі жағынан болсын, әр уақытта алдыңғы қатар елдері болатынына менің сенімім мол.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ