Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоғам қайраткерлері сайлауға қатысты лебіз-пікірлерін білдіріп жатыр

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2015
  • 1009

Елбасының сайлаудағы жеңісі - халықтың шынайы ықыласын және болашаққа деген сенімін көрсетті. Елге танымал қоғам қайраткерлері 26 сәуірде өткен кезектен тыс сайлауға осындай баға береді.

Сұлтан Сартаев, ҚР ҰҒА академигі:

Мынау өткен сайлау Қазақстан тарихындағы ең үлкен, ең қажетті өрісті сайлаулардың бірі болды. Бұл сайлауда біздің халқымыз өз сүйген ұлын, қалаған ұлын Нұрсұлтан Әбішұлын қайтадан Президент етіп сайлады. Сайлаушылардың 98 пайызы дауыс берді деген сөз, ол халықтың сүйікті ұлы дегенді білдіреді.

Еділ Ерғожин, ҚР ҰҒА академигі:

Алдыға қойып отырған сол 5 масқат түгел орындалса, біздің ел, әрине, 30 елдің ішіне кіреді. Және біздің ел өте қуатты, экономика, өндірісі жағынан болсын, әр уақытта алдыңғы қатар елдері болатынына менің сенімім мол.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ