Нұрсұлтан
Назарбаев жаңадан жасақталған Үкімет туралы жарлыққа қол қойды. Министрлер кабинеті құрамында ешқандай өзгеріс жоқ, бұрынғы министрлер өз қызметінде қалды. Ендігі кезекте
министрлер орынбасарларын тағайындайды.
Еске салсақ, кеше Президентті ұлықтау рәсімінен кейін Үкімет отставкаға кеткен-ді.
Салтанатты рәсімнен соң, Мемлекет басшысы Парламенттің саяси фракциялары
жетекшілерімен кеңесе отырып, Премьер-министр лауазымына Кәрім Мәсімовты қайта
тағайындады. Ал түрлі деңгейлердегі әкімдер президенттің тиісті шешімін күтіп,
әзірше өз қызметтерін уақытша атқарады.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ