Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарлық күрд және украин этно-мәдени орталықтары жетекшілері сайлауда халық дұрыс таңдау жасады деп санайды

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2015
  • 1162

Қызылжарлық күрд және украин этно-мәдени орталықтары жетекшілері Қазақстан халқы дұрыс таңдау жасады,-деп есептейді. Олар «Қазақ елін әлемде орын алған экономикалық және саяси дағдарыстан тек Нұрсұлтан Назарбаев аман алып шыға алады» деген пікірде. Дер кезінде өткізілген сайлау мемлекетіміздің жарқын болашағына жол ашты. Өйткені, алдағы бес жылдықта Елбасы бүкіл діттеген мақсаттарына қол жеткізе алады, деп санайды «Барбанг» және «Свитанок» орталықтарының басшылары.

Рашид Надиров, «Барбанг» Күрд этно-мәдениет орталығының жетекшісі:

Нұрсұлтан Назарбаев «Мәңгілік ел», «Нұрлы жол» ұлттық идеяларының бастамашысы. Сол идеяларды жалғастыру керек. 25 жыл болды еліміздің дұрыс бағытта жүріп жатқаны. Сол да бізді қуандырып жатыр. Сондықтан да біз ойлаймыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің болашағымыздың кепілі деп ойлаймыз.

Александр Плотко, ««Світанок» Украин мәдениетінің орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Сайлау күні дауыс беруге келген кісілердің ұмтылысы елдің өз болашағына селқос қарамайтынын көрсетті. Яғни, халықтың 98 пайызы Елбасы үгіттеген бірлік пен татулықты қолдайды деген сөз. Бізді қуантатын бір жәйт, ел Президенті бастамашы болған бүкіл мемлекеттік бағдарламалар халық мүддесіне бағытталған.

Абзал ҚҰРМАНКИН