Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирияалық келісімнің кезекті отырысы Астанада мамырдың 25- мен 27-сі күндері өтуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2015
  • 1010

Мамырдың 25-і мен 27-сі аралығында Астанада сириялық келісімнің кезекті отырысы өтуі мүмкін. Сирия оппозициясының өкілі Ранда Кассис, «Риа-Новости» агенттігіне кезекті келісімнің Астана өтетін уақытын жариялаған. Ол өз сөзінде, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен және министрліктің Азия мен Африка бойынша департамент басшысымен кездескенін айтқан. Сол кезде шамамен мамырдың соңына Астанада кездесу өткізуді жоспарлап қойғандарын айтады. Сондай-ақ Кассис, Қазақстанның СІМ Сириядағы оппозиция өкілдеріне, азаматтық қоғам ұйымдарына шақырту жібереді деп атап өткен. Алдағы кездесуде, Сирияға гуманитарлық көмек жеткізу, шиеленісті саяси шешу жолдары қаралмақ. Еске салайық, Сирия оппозициясы, өздеріндегі жағдайды реттеуге қатысты келесімдер өткізуге көмек қолын созуды өтініп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми хат жолдаған еді.

Тоғжан ОТЫНШИЕВА