Русский Сайттың толық нұсқасы

Таеквондодан Қазақстанның ұлттық құрамасы әлем чемпионатына дайындығын жалғастыруда

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2015
  • 1171

Әлемдік таеквондо федерациясының кестесіне сәйкес әлем чемпионаты екі жылда бір өтеді. Биыл Ресейде өтетін бәсеке ерекше. Жарыс барысында жеңімпазбен жүлдегер атанған спортшылар ұпай санын түгендеп, олимпиада ойындарының лицензиялары үшін талас жүргізеді. Дүбірлі додаға дайындық жүргізіп жатқан Қазақстанның ұлттық құрамасы айтулы жарысқа сақадай-сай дайын.

Мұстахим Қабдрашев, таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы:

Басты мақсат - әлем чемпионатында жүлдеге жетіп, Алла бұйыртса, артынан азиялық іріктеу турниріміз бар. Келесі жылы сәуір айында өтеді Филиппин елінде Манила қаласында. Сол турнирде лицензиялар алу.

Челябі қаласында өтетін жарысқа ел құрамасының атынан 16 спортшы қатысады. Ерлер және әйелдер командалары 8 салмақ дәрежесінде жүлделі орын үшін таласып көреді.

Самат ҚАНАҒАТОВ