Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбритания букмекерлері шығынға батты

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2015
  • 1011

Ұлыбритания букмекерлік орталықтары Кембридж ханшайымының есімі белгілі болған соң шаш етек шығынға батқан сыңайлы. Аталмыш орталықтар ханшайымның аты Шарлота болатынын дәл тапқан ойыншыларға 1 млн фунт стерлинг төлеуге мәжбүр. Бұл 1,53 млн доллар. Рейтерстің хабарлауынша, бәс тігуге құмар ойыншылар арасында Шарлота есімін таңдағандар көп. Сонымен қатар ағылшын герцогы өз қызына Элис немесе Оливия есімін қояды дегендер де аз болмады. Жалпы жаңа туған ханшайым атын тауып алғысы келгендер қатары қалың. Тек соңғы екі күнде букмекерлік орталықтарда сәбидің есімін болжап бәс тіккендер саны 20 мыңнан асқан. Ал Уильям ханзада мен Кейт Миддлтон жаңа туған қызына Шарлотта Елизавета Диана деген есім берді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ