Русский Сайттың толық нұсқасы

Қала күні қарсаңында Ұлттық мұражайдың тұсауы кесілді

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2014
  • 1786

Астанада кезекті руханият ошағы келушілерге есігін айқара ашты. Қала күні қарсаңында Ұлттық мұражайдың тұсауы кесілді.  Салтанатты шараға қатысқан Президент мәдени ошақты Франциядағы "Лувр" мен Ресейдегі "Эрмитажға" теңеді.  Аумағы 74 мың шаршы метрден асатын  мұражайға Қазақстанның ежелгі археологиялық, этнографикалық жәдігерлері мен мәдени ескерткіштері жинақталған.

Атақты "Алтын адам" да  мұражай төрінен орын алмақ. Ғимарат соңғы үлгіде жарақталған. Құнды жәдігерлердің  "мұртын бұзбай" сақтау тәртібі де ерекше. Ол үшін биологиялық жарық, климаттық бақылау қарастырылған. Экспозицияларды тамашалау үшін иілгіш экран, LED-техника, мультимедиялық гид қолданылмақ. Кейін ескерткішке айналатын саз-балшықты кітапқа Президент ақ тілегін жазып қалдырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мұражай біздің ұлттық рухымызды көтеру жағынан ғана емес, елімізді әлемге таныту тұрғысынан да белгілі болады. Біздің тарихымыз мақтан етуге лайықты. Ерлік пен елдіктің тарихы. Мыңжылдықтар қойнауынан бастау алатын қазақ шежіресі - адамзат тарихының ажырамас бөлігі.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ