Бүгін ауа райы туралы ақпараттан
бастайық. «ҚазГидромет» орталығы қазір ғана шұғыл хабарлама таратты. Елдің басым бөлігінде күн суытады. Орталық және солтүстіктегі салқын ауа райы енді шығысқа қарай ығысады.
Шілденің 3-і мен 4-і күндері ШҚО-ының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ
құяды. Ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді. Жылдамдығы секундына 25
метрге жететін жел соғады деп күтілуде.
Күннің дәл осындай райы Павлодар облысында да болады деп
хабарланды. Мұнда термометр көрсеткіші түнде +5 градус шамасында болады.
Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігіне қалың тұман түседі.
Ал, Атырау және Батыс Қазақстан
облысында аптап ыстықтың беті қайта қоймайды. Оңтүстікте
аптап салдарынан өрт қаупі сақталады.
Илхам ИБРАГИМ