Русский Сайттың толық нұсқасы

Францияның экс-президентіне ресми түрде айып тағылды

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2014
  • 1247

Францияның экс-президентіне ресми түрде айып тағылды. "Николя Саркози «беделін пайдаланғаны», "жемқорлыққа жол бергені" үшін айыпталып отыр", - деп хабарлайды француздық Le Figaro. Сондай-ақ экс-президент «Бетанкур ісіне» қатысты құпия материалдарды таныстары арқылы алып келгені үшін де жауап береді.

Белгілі болғандай, Саркози L`Oreal концерніне иелік етуші Лилиан Бетанкурды өзінің президенттік сайлауалды компаниясына қаржылай көмек көрсетуге мәжбүрлеген. Тергеу 15 сағатқа созылды. Экс-президенттің адвокаты Тьерри Эрцог та жауапқа тартылмақ. Тергеу мәліметтері көрсеткендей, ол "Бетанкур ісі" бойынша судьялардың бірінен құпия мәліметтер алып отырған. Саркозиді Ливия көшбасшысы Муамар Каддафиге қатысты тергеу жайынан да осы Эрцог хабардар етіп келген.

Каддафи де "Франция президентінің сайлауалды компаниясын қаржыландырды" деп айыпталды. Ал Саркозиге "судьяларға қысым жасады, пара берді" деген қосымша айыптар да тағылды. Алайда саясаткер мұнымен келіспейді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА