Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында күріш егу науқаны басталды

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2015
  • 1511

Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында орналасқан ірі шаруашылықтар күріш егу науқанына кірісіп кетті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінгі күнге Сырдың ақ маржаны 5 мыңға жуық жерге егілген. Жалпы биыл бас дақылға 76 мың 300 гектар егістік алқабы бөлініп отыр. Өткен жылы 79 мың гектар жерге күріш егіліп, одан өте жоғары өнім, яғни үш жүз тоқсан бес мың тонна күріш жиналған болатын. Дегенмен, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы биыл су тапшылығы болады деп қауіптенеді. Соңдықтан егістік көлемі осы қалпында сақталмақ. Ал егін егу науқаны облыста мамырдың аяғына дейін жалғаспақ.

Шәрипа САҚТАПОВА