Қызылжарда
телефон лаңкесінінің кесірінен теміржол вокзалының жұмысы бірнеше сағатқа
тоқтады. Жарылғыш зат қоюылуы мүмкін екенін, жергілікті полиция қызметіне
ресейлік әріптестері хабарлаған. Ал көрші елдің тәртіп сақшыларына бұл
ақпаратты белгісіз біреу телефон арқылы хабарлаған.
Полицейлер нысанның
ішіндегі адамдарды дереу сыртқа шығарды. Барлығы 40 шақты кісі эвакуацияланды.
Сапер мен кинологтар шойын жол орталығын бастан-аяқ тінтіп шыққан. Екі сағатқа
созылған тексеріс жұмыстарының нәтижесінде бұл ақпараттың жалған екені белгілі
болды. Тәртіп сақшылары көп ұзамай телефон лаңкесін қолға түсірді. Ол Ресей
азаматы болып шықты. Ресейде отырып, петропавлдықтардың зәресін ұшырған телефон
лаңкесінің психиатриялық ауруханада тіркеуде тұрғаны анықталды. Дегенмен оған
қатаң жаза тағайындалады, дейді полицейлер.
Спартак
Қабденов, СҚО ІІД аса маңызды істер бөлімінің аға жедел уәкілі:
Оқиға
орнына ІІД, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік күзет қызметі, жедел
жәрдем қызметтері оқиға орнына барып, жұмыс атқарды. Жаңағы вокзалдың ішіндегі
адамдар шығарылды. 40 шақты адам. Оның ішінде онда істейтін қызметкерлер және
жолаушылардың бәрі шығырылып, темір жол вокзалы қоршалып, оның іші түгел
тексерілді. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. ҚР
273-бабы бойынша. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.