Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдік сарапшылар: Қазақстандықтар тұрақтылық бағытын таңдады

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2015
  • 973

Шетелдік сарапшылар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі мен сайлау қорытындыларын әлі де талқылауда. Олардың пікірінше, Президент ұсынған бес институционалды реформа болашақта Қазақстанның қиыншылықтардан сүрінбей өтуіне септеген тигізбек.  «Ұлт көшбасшысы әлемдік саясатта көрегендігімен танымал. Ол ұсынған стратегия Қазақстанды тұрақтылыққа жетелейтіні анық», - дейді сарапшылар. 

Ян Цзинь, Ресей, Шығыс Еуропа Және Орталық Азияны зерттеу институтының докторы:

Нұрсұлтан Назарбаев елінің бақытына туған әйгілі тұлға десем, артық айтпаспын. Әлемдік дағдарыс кезінде, оның өз елін тығырықтан шығаруына күш-жігері жетті. Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде Үкіметке берген тапсырмасы және басталған бағдарламаларды аяғына дейін жеткізіп, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу керектігін айтқаны, маған ерекше әсер берді.

Каринэ Бабагулян, саясаткерлер конгресінің мүшесі:

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы дауыс берушілердің жоғары белсенділігі әлемдік сайлау процесі тарихында қалады. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде бейбітшілік пен бірлік, сабырлылық пен тұрақтылық елдің дамуына ықпал ететінін айтқан. «Мәңгілік ел» идеясының да толыққанды іске асуына осы құндылықтардың демеу болары анық. 

Жұрағат БАМАН