Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамырда Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеруді қабылдайды

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2015
  • 862
 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамырда Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеруді қабылдайды

Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамырда Астанада Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеруді қабылдайды. Бұл жөнінде Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ, Президент осы күні генерал Иван Панфиловтың ескерткішінің ашылу салтанатына қатысады деп жоспарлануда.

Ал, 8 мамыр күні Елбасы ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Мәскеуге аттанады. 9 мамырда Қазақстан басшысы Ресей астанасындағы Жеңіс күніне орайластырылған мерекелік іс-шараларға қатысады деп күтілуде.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ