Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Әкімшілігі Ресейге қысым жасауды әрі қарай жалғастыруға ниетті

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2015
  • 1313

АҚШ Әкімшілігі Ресейге қысым жасауды әрі қарай жалғастыруға ниетті. Мұндай пікірді Ақүйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест білдірді, - деп хабарлайды Блумберг. Оның сөзінше, ресми Вашингтон Ресей Минск келісімдері талаптарын орындамайынша, оны әлемнен оқшаулау саясатын жүргізе бермек. Және мұны еуропалық әріптестерімен біріге жүзеге асырады. Ақүйдің баспасөз хатшысы Ресей Украинадағы жасақтарды қарумен, тіпті мамандармен қамтамасыз етіп отырғандығын айтты. Ал Мәскеу өз кезегінде Киевтің Минск келісімдері бойынша жасақтармен саяси диалогқа келмей отырғандығын бірнеше мәрте мәлімдеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ