Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бес институционалдық реформа - ел дамуындағы жаңа кезең» атты сарапшылар форумы өтті

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2015
  • 1413

Елбасы жариялаған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам жоспарын іске асыру жедел түрде қолға алынады. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин осылай деді. Аталмыш институт маңызды құжат жариялана салысымен, ондаған сарапшының басын қосып «Бес институционалдық реформа - ел дамуындағы жаңа кезең» атты форум өткізді. Оған  Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев қатысты.

Сарапшылар «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары екеніне тоқталды. Оның механизмдерін, мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері мен Мәңгілік ел және біртұтас ұлт құрудың жолдарын талқылады. Форумда сөз алған сарапшылар Ұлт жоспары ел дамуының жаңа кезеңін қамтитын нақты іс-қимылдар жоспары, яғни жүйелі модернизациялар жоспары деген ойларын білдірді. Демек бұл осы уақытқа дейін айтылып келген немесе әлі айтылмаған барлық жүйені бір бағытқа топтастыра отырып, экономиканың өсіміне нақты серпіліс беретін жоспар. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ