Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» велокомандасының спортшысы Микель Ландо үшінші орынға көтерілді

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2015
  • 1294

Велоспорттан «Джиро де Италия» веломарафоны жалғасуда. Чивитанове-Марке және Форли қалаларының арасында өткен 10-шы кезеңде Италия спортшысы Николя Боэм жеңіске жетті. 200 шақырымнан тұратын жазық жолды "Бардиани" командасының өкілі 4 сағат 26 минут 16 секундта бағындырды. Жеңімпазбен бір уақыт көрсеткен Италия спортшысы Маттео Бузато екінші орынды иеленсе, үшінші сатыны «Вини Фантини» командасының өкілі Алессандро Малагути еншіледі.

«Астана» клубының спортшылары жарысты пелотонның ішінде аяқтады. Жалпы есепте өзгеріс жоқ. 10 кезеңнен кейін «Тинькофф Саксо» командасының капитаны испаниялық Альберто Контадор жарыс лидерінің қызғылт жейдесін сақтап қалды. Одан 3 секундқа қалып тұрған қазақстандық клубтың капитаны Фабио Ару екінші орында болса, үшінші орынды «Астана» командасының намысын қорғап жатқан Микель Ланда еншіледі. Ал бұған дейін үшінші сатыда болған австралиялық Ричи Порт бұл кезеңде біраз уақыт жоғалтып алды. Оның үстіне Порт төрешілер тарапынан 2 минуттық айыппен айыпталды. Салдарынан Ричи Порт Кантодорға енді 3 минут 9 секунд ұтылып, жалпы есепте 12-ші сатыға ығысты. 

Самат ҚАНАҒАТОВ